«Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқықтарды (талаптарды) беруді қоспағанда, коллекторлық агенттікке оның коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уəкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы коллекторлық агенттіктің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлғаға банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуге тыйым салынады.
Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша жеке тұлғалармен шарттық қатынастар тоқтатылғанға дейін коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылған коллекторлық агенттік, сондай-ақ қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы коллекторлық агенттіктің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болған заңды тұлға банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына, сондай-ақ кредиттік бюролардың дерекқорындағы барлық борышкер бойынша ақпаратты жаңартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде:
өз атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге;
өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі барлық мәліметтер мен құжаттарды кредиторға беруге;
өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға уәкілетті органның оны коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылғаны туралы хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге;
берешекті өндіріп алу туралы жасалған барлық шарттарды және (немесе) сенімгерлік басқару шарттарын бұзуға міндетті.
Кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұрын осы коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарттарды бұзу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп таратылуға жатады.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы:
берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасқан кредиторларды;
сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды;
берешегі коллекторлық агенттікке берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен;
өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен хабардар етуге міндетті.
10-бап. Коллекторлық агенттіктің құжаттама жүргізу тәртібі
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Коллекторлық агенттік шарттарды тіркеу журналында берешекті өндіріп алу туралы барлық шарттарды, құқықты (талапты) басқаға беру шарттарын, сенімгерлік басқару шарттарын тіркейді және кредиторлардан қабылданатын құжаттарды:
1) берешекті өндіріп алу туралы шарттарды;
2) талап ету құқығын басқаға беру шарттарын, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттарды (бар болған жағдайда);
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сенімгерлік басқару шарттарын;
3) кепіл нысанасына арналған құжаттарды (егер негізгі міндеттеме кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
4) кепілгерлік және кепілдік шарттарын (егер негізгі міндеттеме кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);
5) борышкердің құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі берешегінің есептеулерін;
6) мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша борышкерге қатысты кредитор қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар жөніндегі ақпаратты қамтитын құжаттарды есепке алуды жүргізеді. Ақпарат банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың соңғы күнінен бастап берешекті коллекторлық агенттікке бергенге дейінгі кезең үшін көрсетіледі;
7) борышкердің құрылтай құжаттарының көшірмелерін (заңды тұлғалар үшін);
8) борышкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);
9) борышкердің берешекті өтегенін растайтын құжаттарды (немесе олардың көшірмелерін);
10) кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) берешекті өндіріп алу туралы шартта, құқықты (талапты) басқаға беру шартында, сенімгерлік басқару шартында берілуі көзделген өзге де құжаттарды есепке алуды жүргізеді.
2. Шарттарды тіркеу журналын жүргізу қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жүзеге асырылады.
11-бап. Коллекторлық қызмет құпиясы
1. Коллекторлық қызмет құпиясы коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы кез келген мәліметтер мен өзге де мәліметтерді қамтиды.
2. Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясы борышкердің өзіне, борышкердің жазбаша келiсiмi, оның ішінде банктік қарыз шартын жасасу кезінде - банк құпиясын ашуға немесе микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде микрокредит беру құпиясын ашуға берген жазбаша келісімі негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкiн.
3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер мен өзге де мәліметтер:
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық iстер бойынша, прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негiзiнде;
2) соттарға: олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша, сот ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша, сот орындаушысының прокурор санкциялаған, әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған қаулысы негізінде;
4) прокурорға: оның қарауында жатқан материал бойынша, өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік кіріс органдарына:
тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, нұсқама негізінде;
кредиттік бюро активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған (берешегі бойынша (құқықтары (талаптары) коллекторлық агенттікке берілген) борышкер-жеке тұлға бойынша береді;
6) борышкердің өкілдеріне: нотариат куәландырған сенімхат негізінде;
7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін, прокурордың санкциясымен;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) уәкілетті органға: коллекторлық агенттіктердің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға: өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауды жүзеге асырумен байланысты мəселелер бойынша;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.
4. Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешек, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер мен өзге де мәліметтер осы баптың 3-тармағында көзделген тұлғалардан басқа, сондай-ақ жазбаша сұрау салу негізінде:
1) борышкер өсиетте көрсеткен тұлғаларға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) нотариустарға: өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша нотариустың сұрау салуы негізінде;
3) шетелдік консулдық мекемелерге: олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша беріледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Мыналар:
1) коллекторлық агенттіктердің «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроларға ақпарат беруі және кредиттік бюролардың берешек бөлігінде борышкер туралы ақпарат беруі;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу;
3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдар ретінде коллекторлық қызмет құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы коллекторлық қызмет құпиясын ашу болып табылмайды.
Коллекторлық қызметтің құпиясы банк жəне (немесе) микроқаржы омбудсмандарына оның қарауында жатқан, жеке тұлғалардың ол бойынша міндеттемелер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында немесе «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға берілген банктік қарыз шартынан немесе микрокредит беру ту- ралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін.
6. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының негізінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтерге қол жеткізген коллекторлық агенттіктер, сондай-ақ өзге де тұлғалар көрсетілген мәлiметтердi жария еткенi немесе заңсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
12-бап. Коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
1. Атқарушы органның (алқалы және (немесе) жеке-дара) бірінші басшысы және мүшелері, байқаушы кеңестің (бар болған жағдайда) бірінші басшысы және мүшелері, бас бухгалтер коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскерлері болып танылады.
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие емес;
3) жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюролар қызметінде жұмыс тәжірибесі жоқ (тиісті жұмыс өтілі жұмысқа қабылданған күні кемінде бір жыл болуға тиіс);
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) бұдан бұрын, уәкілетті орган коллекторлық агенттікті осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) жəне 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін үш жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған;
6) өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы жұмыскерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын, қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингі заңды тұлғасының басшысы болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері бола алмайды.
Көрсетілген талап уəкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы қаржы ұйымына реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл ішінде қолданылады;
8) бұдан бұрын, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) - заңды тұлғасының - эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) - жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән- жайлар туындаған кезден бастап бес жыл ішінде қолданылады;
9) психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған;
10) егер босатылған күнінен бері үш жыл өтпесе, мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған;
11) бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексерулер нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап адам мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде қолданылады;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) осы Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері бола алмайды.
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттіктің басшы қызметкерінің, жұмыскерінің бір мезгілде басқа коллекторлық агенттікпен еңбек және өзге де қатынастарда болуына тыйым салынады.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 2-тармағының 1), 3), 5), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін, сондай- ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі жоқ коллекторлық агенттік жұмыскерлері борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуға жіберілмейді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімінің бар-жоғына қойылатын талаптар коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғалармен телефонмен сөйлесулер арқылы өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлеріне қатысты қолданылмайды.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың басшы қызметкерлері осы баптың 1 жəне 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
13-бап. Құжаттарды сақтау
Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
3-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІҢ, БОРЫШКЕРДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОНЫҢ ӨКІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
14-бап. Коллекторлық агенттіктің құқықтары
Коллекторлық агенттік:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) коллекторлық қызметті кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде және осы Заңның, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
2) берешекке байланысты ақпаратты жинауды жүзеге асыруға, оның ішінде берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттар бойынша кредитордан құжаттар (түпнұсқалары мен көшірмелерін), түсіндірмелер мен ақпарат алуға;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, өзі бойынша құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік кредитордан алған кепiлге салынған мүлiкке сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
4) егер кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарттың талаптарын бұзған, борышкер мен оның берешегі туралы құжаттардың (түпнұсқалары мен көшірмелерін), ақпараттың берілуін қамтамасыз етпеген, анық емес деректер ұсынған жағдайларда, берешекті өндіріп алу туралы шартты орындаудан бас тартуға;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) кредитор «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 11-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігінде жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген талаптарды сақтаған жағдайда жеке тұлғаның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарты бойынша кредитормен талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасуға;